«Қазақстан тарихы» курсы – бұл еліміздің ежелгі заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи жолын жан-жақты зерттеуге арналған кешенді оқу бағдарламасы. Курс тыңдаушыларға Қазақстан аумағындағы тайпалық бірлестіктердің қалыптасуынан бастап, қазақ хандығының құрылуы, отарлық кезең, кеңестік билік дәуірі және Тәуелсіз Қазақстан тарихына дейінгі негізгі тарихи кезеңдер мен оқиғаларды жүйелі түрде түсіндіреді.
Курстың мақсаты:
Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін, тарихи тұлғаларын, саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістерін талдай отырып, ұлттық сананы қалыптастыру, отаншылдыққа баулу және тарихи ойлау қабілетін дамыту.
Нені үйренесіз:
Ежелгі дәуірлер мен түркі кезеңінің тарихи ерекшеліктерін;
Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын;
Ресей империясының отарлау саясатын және оның зардаптарын;
Кеңестік дәуірдегі саяси репрессиялар, индустрияландыру мен ұжымдастыруды;
Тәуелсіздікке қол жеткізу жолын және қазіргі Қазақстанның даму бағыттарын;
Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлін.
Курс кімдерге арналған:
Мектеп оқушыларына (ЕНТ/КТ дайындық);
Студенттерге және білім алушыларға;
Мұғалімдер мен білім беру саласының қызметкерлеріне;
Өз елінің тарихын терең білгісі келетін барша азаматтарға.
Напишите ваш отзыв